03.04.2023, 05:30

«Тынығатын кез жетті»: Рыбакина Miami Open финалынан кейін мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/lenarybakina
Барлығына қолдағаны үшін рақмет. Демалатын және топырақты маусымға дайындалатын кез жетті.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 Miami Open турнирінің финалынан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгін қиын күн, екінші орын, бірақ мұндағы екі аптадан көптеген позитив алуға болады. Барлығына қолдағаны үшін рақмет. Демалатын және топырақты маусымға дайындалатын кез жетті", - деп жазды Елена Рыбакина Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 2 сәуірде Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді.

Елена Рыбакина финалда әлемнің 12-ракеткасы Петра Квитовамен ойнады. Қазақстандық теннисші 6:7(14), 2:6 есебімен жеңілді.