$ 494.87  520.65  4.91

Атырау тұрғыны 15 жыл бойы бұрын сатып жіберген көлігінің салығын төлеп келген

Автокөліктің Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталып, қазіргі иесі табылды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

1966 ж.т. Атырау қаласынының тұрғыны өз меншігіндегі ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Осы уақыттан бері ол автокөліктің барлық салықтарын, айыппұлдарын төлеп келген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы 5 жылда ГАЗель автокөлігін іздеп, 2022 жылы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болған.

"Автокөліктің Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталып, қазіргі иесі табылды.

Қала тұрғыны автокөлікті тіркеуден шығарды. Қазіргі иесі осы жылдың 20 наурызы күні автокөліктің 800 мың теңге көлеміндегі салықтары мен айыппұлдарын өтеуге келіскен",-  делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары