$ 478.93  534.96  5.16

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жаңа іс тергеліп жатыр

Тұрсен Алагөзовтың адвокаты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтың адвокаты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Отырыста Тұрсен Алагөзовтың адвокаты - Ақмарал Бердалиева сотталушының бұрынғы жұбайы Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, онда GALANZ bottlers АҚ акциялары даулы мүлік болып табылатынын хабарлады.

"Іс аясында азаматтық талапқа толықтыру бердік, онда Гүлмира Сатыбалды Алагөзовтың пайдасына 6 миллиард 985 миллион теңге шығын және 5 миллиард теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіріп алуды сұрадық. Залал сомасын түзету үшін GALANZ bottlers АҚ-ның 2022 жылғы 22 тамыздағы нарықтық құнын бағалау туралы сарапшылардың қорытындылары негізінде акциялардың 43,25 пайызының құны 6 миллиард 584 миллион болатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты талап - арыздарды осы соманы ескере отырып айтып отырмыз", - деді жәбірленуші Түрсен Алагөзовтың адвокаты.

Оның айтуынша, даулы акциялар Jusan Bank-те кепілге қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары