$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола тұрғыны айдаладан 6 мина мен 5 граната тауып алды

Жедел – тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты.
Фото: Polisia.kz.
Фото: Polisia.kz.

Ақмола тұрғыны айдаладан танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарқайың ауданы Тасты – Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуір күні тапқан. Ақмолалықтың айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен ол шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан.

Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған. Жедел – тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты.

Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 гранаталары тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.  

Сондай-ақ, полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп, жарылғыш заттарға ұқсас заттар табылмады. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптамалар тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары