$ 494.87  520.65  4.91

Қытай Қазақстанмен шекарада роботтар жасап шығармақшы

Биылғы көктемнің соңына қарай Қытай Қазақстанмен шекаралас жатқан Қорғас қаласында роботтар жасап шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріспен Horgos Boshihao Electronic компаниясы айналысатын болады. Ал, дайын роботтар Орта Азия мен Ресейге және Таяу Шығыс елдеріне сатылатын болады делінген estp-blog.ru. порталында.

Зауыттың Қорғас қаласында салынуы бекер емес. Аталған елдімекен арқылы Қазақстан мен Орта Азия елдеріне және Ресейге шығуға өте ыңғайлы.

Алдын ала болжам бойынша, роботтар негізінен қызмет көрсету саласында пайдаға асады. Сонымен қатар, өндіріс орындарында жұмыс істейтін роботтар да аз көлемде шығарылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары