Астанада жергілікті тұрғын «Мирадж» ТК-ның 12 қабатынан құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қыздың 12 қабаттан құлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.
Елордалық Полиция департаменті ақпаратты растады.
«Осы жылдың 10 сәуірінде сағат 13:05-те «102» каналына Мұхамедханов көшесіндегі үйдің ауласында қыздың биіктіктен құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері қаза тапқандардың жеке басын анықтады», - деп хабарлады ПД.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.