$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда баласына ине салғызбайтын ата-аналар күрт көбейген

Павлодар облысында балаларына екпе салдырудан бас тартып жатқан ата-аналардың саны артуда, деп хабарлайды Baq.kz.

— Тексеріс нәтижесінде осы жылы жеті қарамық және бір қызылшамен ауыру жағдайы анықталды. Сонымен бірге, көкжөтелмен ауырған төрт бала тіркелді. Бұлардың барлығы екпе қабылдамағандар, — дейді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекшісі Ирина Сорокина.

Маманның айтуынша, жарты жыл бұрын екпеден бас тартушы ата-аналардың саны 200 болса, қазір олардың саны мыңға жеткен.

Айта кету керек, еліміздің барлық аймақтарында балаларына екпе ектіруден бас тартқан ата-аналар саны соңғы кезде артып кеткен. Көп жағдайда, тұрғындардың бұл әрекетіне діни көзқарастары негіз болса, қалғандары медициналық препараттың қауіпсіздігіне сенімсіздік танытып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары