$ 444.22  476.38  4.82

Екібастұзда ГРЭС құрылысының құны кенеттен 77 млрд. теңгеге артып кетті

«Екібастұз ГРЭС-і 2» жобасы үшінші блогының құрылысында заң бұзушылықтар орын алды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Мемлекеттік жобаларды іске асыруда кезекті заң бұзушылықтар орын алды. Есеп комитеті «Екібастұз ГРЭС-і 2» жобасы үшінші блогының құрылысы мен іске қосылуында бірқатар кемшіліктерді анықтаған», деп жазады «Қазақпарат». Онда отандық қаржы институттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қаржыландыру мүлдем жүргізілмеген.

Нысанның сметалық құны бастапқы жоспардан әлдеқайда жоғары болып шықты. Оның себебі, сатып алынған қондырғылар екі елдің үкіметаралық келісіміне сәйкес болмады. Салдарынан жоба 76 миллиард 800 миллион теңгеге қымбаттап отыр. Енді мамандар қосымша шығынды қуат көзі тарифтерін көтеру есебінен қайтарудан басқа амал жоқ деп дабыл қағуда.

Айта кетейік, «Екібастұз ГРЭС-і 2» - Қазақстан мен Ресейдің біріккен жобасы. Оның қазіргі құны 198 миллиард теңгеден асып кетті. Есеп комитеті сондай-ақ Үкімет үйін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тиімсіз жұмысына назар аударуға шақырды. Жоба құрылысының мерзімі жоспардан әлдеқайда ауытқып кеткен көрінеді. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Есеп комитетіне хабарласқанымызбен, ондағылар жауап беруге асықпай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары