$ 494.87  520.65  4.91

Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапон боксшысын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Боксшылардың екеуі де бұған дейін рингте жеңіліп көрмеген еді.
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жекте қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) пен жапониялық Кадзуто Такесако (15-0, 14 КО) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М. Нұрсұлтанов бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO International тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салды.

Боксшылардың екеуі де бұған дейін рингте жеңіліп көрмеген еді. Мейірім жекпе-жек барысында басымдылығын байқатып, сегізінші раундта қарсыласын сұлатып түсірді.

Осылайша, 12 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Кадзуто Такесако алғаш рет нокаутпен жеңілді.

Сөйтіп, М. Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, WBO белдігін сақтап қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мейірім Нұрсұлтановтың WBO титулы үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары