$ 487.37  532.94  5.09

Ақтауда лауазымды полицейдің қоластындағыларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған

Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Ақтауда полиция басшысының орынбасары қоластындағыларды ұрып-соққан. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Маңғыстау облысы ПД КПБ бастығының орынбасары "қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты үйретудің орнына оларды ұрып-соғып жатқаны" жазылған.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ведомствоның кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша инспекция қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары