$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жалған тонау қылмысын ұйымдастырғандар ұсталды

Темекі сатумен айналысатын компанияның қызметкерлері өздері жұмыс істейтін компанияның жүк көлігіне жалған тонау қылмысын ұйымдастырып, келтірген шығындарының орнын жаппақ болған. Алайда, олардың жымысқы әрекетінің жүзеге асуына полицейлер кедергі болды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 12 қаңтар күні Алматы-Ташкент-Термез тас жолының бойында орын алған. Жамбыл облысынан тауар әкеле жатқан жүк көлігін белгісіз біреулер тоқтатып, тиелген 50 қорап жүкті алып кетіпті. Қарақшылар көлік жүргізушісін соққыға жығып, дене жарақаттарын салған.

Жәбірленушінің айтуынша, көлікте 50 қораптай темекі өнімдері болыпты. Қылмыскерлер барлығы 60 миллион теңгенің шығынын келтірген. Шұғыл іздеу шараларының барысында полицейлер 6 күдіктіні ұстады. Олар 1980, 1984, 1985 және 1996 жылы туылған Жамбыл облысының тұрғындары екен.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ұсталғандардың бірі - 1985 жылғы азамат аталған компанияның қызметкері екен. Ол қоймада жұмыс істеген. Ірі көлемде темекі өнімдерінің жеткіліксіз екенін анықтаған маман шығынды қалтасынан төлемеу үшін сыбайластарын жинап, қолдан тонау қылмысын ұйымдастырыпты. Ол үшін аталған жүк көлігін қоймадан шыққан сәттен бастан аңдып, жарты жолға келгенде сыбайластарымен бірге тонаған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК 192-бабымен «Қарақшылық» қылмыстық іс қозғалды. Айғақты заттар тәркіленді. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары