Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев халықты жұмыспен қамту ісінде әкімдер мен олардың орынбасарларының жауапкершілігін арттыруды талап етті. Бұл туралы centralasian.org порталы мәлімдеп отыр.
Өзбекстан президенті жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарын орындаған әкімдердің жалақысын 15 пайызға көбейтуді ұсынды. Ал, жоспарды орындамағандарының жалақысы 15 пайызға кемиді.
Осы жұмысқа жауапты әкім орынбасарларының жалақысы 20 пайызға көбейеді немесе кемиді.
Шавкат Мирзияев халықты жұмыспен қамту мәселесінде шенеуніктердің жұмысын материалдық үстемелеу ұсынысына қатысты жоспарды 1 наурызға дейін дайындауды премьер-министр Абдулла Арипов пен оның орынбасары Рустам Азимовке тапсырды.