Өскеменде үш баланың анасы ізім-ғайым жоғалып кетті деп жазады Tengrinews.kz. Жас келіншек жалдамалы үйінің ақысын төлеу үшін кетіп, содан оралмапты. Үйінде оны балалары күтіп отыр.
25 жастағы Алена Елишаеваның жоғалғандығы туралы ақпаратты оның туыстары әлеуметтік желілерде таратты.
"Алена өткен аптада жоғалып кетті. Ол үш баласымен қаланың шетінде пәтер жалдап тұратын. Бес күн бұрын аренда ақшасын беру үшін үйінен шығып кеткен, содан бері хабарсыз. Біз тіпті, Аленаның үй иесіне дейін жетіп, ақшасын төлегенін де біле алмай отырмыз. Өзімен бірге ірі көлемде ақшасы бар тұғын. Пәтерді жалға беретін адам туралы бізде мәлімет жоқ. Аленаның телефоны жауап бермейді. Бұған дейін ол ешқашан хабар-ошарсыз кетпейтін, барар жері туралы айтып отыратын. Біз оны өзі оралатын шығар деп бірнеше күн бойы күттік. Қазір тым ұзақ күткенімізді түсініп отырмыз, бүгін полицияға арыз жазып, бүкіл қаланы іздеуге кірісеміз", - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Наталья есімді туысының айтуынша, қазір үш бала әжелерінің жанында. Туыстары Аленаның аман-есен табылатынына сенімді.