$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте белгісіз біреулер шіркеуді тонап кетті

Оқиға кеше түнде орын алған. Ұры шіркеуде түнге дейін тығылып жатып, адам аяғы басылған сәтте садақа салынған жәшік пен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шіркеу қызметшілері ғибадатхананың тоналғанын тек таңертең ғана біліп, дереу полицияға хабар берген. Айтуларынша, белгілісіз біреулер ақша толы жәшік пен алтын сақинаны және алтын алқаны қолды қылыпты. Ғимараттың өзіне зақым келмеген.

Полицейлер қазір күдіктілердің анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары