$ 498.34  519.72  4.85

Стамбұлда 39 адамды атып өлтірген лаңкесті ұстау сәті (ВИДЕО)

Стамбұлдағы түнгі клубта лаңкестік жасады деп айыпталып отырған Өзбекстан тумасы Абдулгадир Машариповтың ұсталғаны туралы ақпарат бүгін таңертең тараған болатын. Осынау ұстау операциясы түсірілген видеоматериал да көп күттірмей жарияланды.

Қолға түскен күдікті тағылған айыптардың бәрін мойындап отыр. Стамбұл губернаторы Васил Шахиннің айтуынша, содыр Ауғанстанда дайындықтан өтіп, лаңкестік жасауды алдын ала жоспарлаған. Ол "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының мүшесі болғаны да айтылды.

Айта кетейік, лаңкесті құқық қорғаушылар 16 қаңтар күні кешке Стамбұлдағы зәулім үйлердің бірінен ұстаған болатын. Бұл сәтте оның жанында 4,5 жасар ұлы болыпты. Ал, қанды оқиға 1 қаңтар күні орын алған. Суық қаруланған содыр Reina түнгі клубына басып кіріп, Жаңа жылды қарсы алуға келген қонақтарға оқ жаудырған еді. Салдарынан 39 адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары