"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 сәуірде республиканың 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.
Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз 25, тәулік бойы 26 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі.