Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытаймен өзара визасыз режим енгізу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы кулуарында журналистер Қытай елшісінен Қазақстан мен Қытай үкіметтері өз азаматтарына екі бағытта да визасыз режимді қашан енгізетінін сұрады.
"Ондай әңгіме бар. Виза тәртібін жеңілдету мәселесі талқыланып жатыр, дұрыс", - деді Чжан Сяо.
Бұл қашан шешіледі деген нақтылау сұрағына дипломат: "(Келіссөздердің дамуына қарай. - еск.). Биыл - біз, қатты үміттенеміз, әрине", - деп жауап берді.