$ 521.81  543.67  5.05

Астанадағы су тапшылығы – тәулігіне 25 мың текше метр

Жалпы 2026 жылдың соңына дейін су мәселесін толық шешеді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Астанадағы су тапшылығы мәселесі 2026 жылы шешіледі. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда тұрғындарына су Астана су қоймасынан жіберіледі, онда тәулігіне қуаты 305 мың текше метр болатын екі су сорғы станциясы жұмыс істейді. Жалпы 2026 жылдың соңына дейін су мәселесін толық шешеді. Оған қоса, Астана әкімдігімен бірлесіп, төртінші су сорғысын станциясын салу жоспарланған», - деді Ә. Пазылбекұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазір елорда тұрғындарын үздіксіз сумен жабдықтау үшін жалпы құны 59 млрд теңгені, қуаты 105 мың текше метрді құрайтын жаңа сорғы-сүзгі станциясын салу жобасы іске асып жатыр.

«Себебі, бүгінде елордада тәулігіне 25 мың текше метрден астам ауыз су тапшылығы бар. Осыған байланысты кейбір аудандарда берілетін су қысымының төмендеуі байқалады. Биыл жобаны аяқтауға республикалық бюджеттен 27 млрд теңге бөлінді. Оны жылдың екінші жартыжылдығында аяқтау ойда бар», - деді Әзімбек Пазылбекұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары