Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жер үйден өрт шығып, 68 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, Уварово ауылында жер үйдің кіреберісі мен шатыры отқа оранған. Сол кезде үйде бірнеше адам, оның ішінде 5 жасар бала болды.
«Үй иесі көрші тұратын күйеу баласын көмекке шақырған. Евгений Шимин есімді азамат лезде көмекке келіп, баланы үйден алып шықты. Үй иесі де сыртқа шығып үлгерген. Алайда үйге қонаққа келген 68 жастағы әйел уланып, құтқарушылар жеткенше көз жұмды», - делінген ақпаратта.
Көп ұзамай жалпы ауданы 56 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Болжам бойынша қызыл жалынның шығу себебі - электр сымдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан немесе отты абайсыз қолданудан болуы мүмкі