$ 498.34  519.72  4.85

Павлодар облысында 5-сынып оқушысы асылып қалған

Павлодар облысының Железинка ауданында орта мектептің 5-ші сынып оқушысы асылып қалған деп жазады Informburo.kz. Баланың денесін 18 қаңтар күні кешке жұмыстан үйіне келген анасы тауып алған.

Жергілікті полицейлердің хабарлауынша, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Баланың өзіне қол салуына кінәлілер болуы мүмкін. Марқұм өлер алдында хат жазып қалдырмаған.

Білім бөліміндегілер баланың тәрбиелі отбасынан шыққанын айтып отыр. Мектепте де ол жаман қылығымен көзге түспеген. Қазір оқу орнында қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Суицидтің себебін полицейлермен бірге психолог-мамандар да анықтап көрмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары