$ 446.49  475.38  4.79

Жамбылдық полицейлер киік атқан браконьерлерді қуып жете алмады

Жамбыл облысында киік атқан браконьерлер полицейлерден қашып құтылып кетті. Олар астындағы "УАЗ" автокөлігін тастап, жаяу қашқаны да белгілі дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының назарына мемлекеттік номері жоқ автокөлік бірден ілінген. Оны тоқтатқан сәтте ішіндегі браконьерлер қаша жөнеліпті.

"18 қаңтар күні рейдтік шаралар жүргізу барысында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының прокуратурасы полиция қызметкерлерімен бірігіп, Ұланбел ауылынан 45 шақырым қашықтықта жол талғамайтын көлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде салонда атып алынған 10 киіктің бар екені анықталды. Қазақстанда аталған жануарларды атуға тыйым салынғаны белгілі. Браконьерлердің өзін ұстау мүмкін болған жоқ, олар далаға қарай қашып кетті. Бірақ, біз оларды міндеті түрде қолға түсіреміз", - делінген Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары