$ 447.4  477.55  4.76

Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, кішкентай екі бала қайтыс болды

Қарағандыда өрт салдарынан кішкентай екі бала қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz. Оқиға Мақұдықтағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.

Қызыл жалынның тұтанғаны туралы ақпарат өрт сөндірушілерге түскі уақытта келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары өрт болған пәтерден кішкентай екі баланың мәйітін тапты. Екеуі де түтінге уланып көз жұмған. Уланған тағы бір қыз ауруханаға жеткізілді.

"Өрт 18-шағынаудандағы №18 үйде орын алды. Бұл бес қабатты тұрғын үй. Оның үшінші қабатындағы төрт бөлмелі үйде жиһаздар отқа оранған. Жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін өшіріліпті. Өртенген жердің аумағы 10 шаршы метр", - делінген облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Мамандар өрттің себебін электр құрылғысының ақауынан екенін анықтады. Қайтыс болған балалардың үлкені 2008 жылғы, кішісі 2015 жылы туған сәби. 1994 жылы туған бойжеткен қыз Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары