02.05.2023, 22:30

Бокстан ӘЧ: Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды

Фото: Қазақпарат
Еске салайық, бұдан бұрын қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы 1/32 финалда Израиль өкілі Ахмад Штивимен жұдырықтасты.

С.Төлтаев қарсыласын ұпай санымен ұтып, 1/16 кезеңге шықты.

Санатәлі 1/16 финалда маврикиялық Ришарно Коленмен шеберлік байқасады.

Бүгін 1/8 финалға шыққан Сағындық Тоғайбайдың қарсыласы - өзбекстандық Шохжахон Абдуллаев.

Еске салайық, бұдан бұрын қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Сондай-ақ бокстан әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаевтың рингке шығатыны хабарланды.

Сағындық Тоғамбай қарсыласын нокаутпен ұтты.