03.05.2023, 10:40

«Жүргізуші мас болған»: Өскеменде қоғамдық көлік жер үйге соғылды

Фото: pixabay
Жол апаты салдарынан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Өскемен қаласында автобус жер үйге соғылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Мирный кентіндегі Мостовая көшесінде болған.

«Жүргізуші автобусты мас күйде тізгіндеген. Соның салдарынан рульді басқара алмай қалып, жер үйге соғылды. Жол апаты салдарынан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламады.

Белгілі болғандай, сол күні автобус рейске шықпағандықтан іште жолаушылар болмады.

Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.