$ 498.34  519.72  4.85

Өзбекстанның зейнеткерлері наразылық акциясын өткізді

Өзбекстанның Сұрхандария облысына қарасты Денау ауданында ондаған зейнеткер әкімшілік ғимараты алдына жиналып, зейнетақының қолма-қол ақшамен төленуін талап еткен деп жазады centralasian.org. Наразылық акциясы барысында түсірілген видео интернетте жарияланды.

Зейнеткерлер ақшаның пластикалық картаға аударылғанын қаламайды, өйткені онымен 22-27 пайыз комиссия ұстап қалады. Сол себепті зейнеткерлердің көбі 3-4 ай бойы зейнетақысына жете алмай жүр.

"Олар бізден зейнетақы алғанымыз үшін 20 мың сом ұстап қалады", - деп арызданды 80 жастағы Намозбобо Боймұратов.

Видеода орта жастағы ер кісі наразы зейнеткерлерден қашып бара жатқаны бейнеленген. Зейнеткерлер оны Денау ауданының басшысы деп атаған.

Дегенмен Денау ауданы әкімінің орынбасары Ділмұрод Аллабердиев бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Зейнетақы ай сайын кешікпей беріледі. Әкімшілік ғимаратына наразы ешкім келген жоқ. Біз әуелі видеоны көруіміз керек, өйткені не туралы екенін білмейміз", - деді ол.

Интернет қолданушылар Өзбекстанның көптеген аймақтарында осындай мәселе бар екендігін жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары