$ 498.34  519.72  4.85

«Ислам мемлекетінің» содырлары Пальмирадағы аса құнды тарихи нысандарды қиратты

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары Пальмира қаласындағы аса құнды тарихи жәдігер саналатын Тетрапилон ғимаратын қиратып, Рим театрының бір бөлшегін айтарлықтай бүлдірді. Бұл туралы сириялық ORTAS телеарнасы хабарлап отыр.

18 қаңтарда хабарланғандай, лаңкестер қалаға аса ірі көлемде жарылғыш заттар алып кірген. «Біз ДАИШ содырларының Пальмира аумағына ірі көлемде жарылғыш заттар алып кіргенін, қаладағы тарихи жәдігерлердің көзін жойғалы жатқаны туралы ақпаратты сенімді бірнеше дереккөзден алдық", - деді РФ Қарулы күштері Бас штабы жедел басқармасының басшысы Сергей Рудской.

Айта кетейік, 2016 жылдың наурызында Ресейдің қолдауымен Сирия әскері Пальмираны лаңкестерден азат еткен болатын. Артынша ресейлік мамандар қаланы минадан тазарту жұмыстарын жүргізді. Ал, осынау соғыс жылдарында Пальмирадағы ЮНЕСКО мұралары болып есептелетін бірнеше нысанға айтарлықтай зақым келген. Сондай-ақ, қаладағы ұлттық музей тұтастай тоналды.

Лаңкестер былтыр 11 желтоқсанда қараусыз қалған Пальмираны қайта басып алып, қазіргі уақытта кескілескен соғыс жүргізіп жатыр. Билік қала тұрғындарының 80 пайызын қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары