$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді

Біз IBA басшылығынан жауап күтеміз.
Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Ташкенттегі әлем чемпионатында бірінші жекпе-жекте ұтылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстандық боксшы 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырықтасты. Бірақ ұпай санымен ұтылды. Осылайша, Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында бірінші айналымнан өтпей қалды.

Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының Президенті Умар Кремлёвқа ресми шағым жолдады.

Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатында аясындағы Сәкен Бибосынов пен үнді боксшысы Дипак Кумардың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне қатысты шағым түсірілді.

«Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) Президенті Умар Кремлёвтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне байланысты ресми шағым жолдады. Біз IBA басшылығынан жауап күтеміз. Өкінішке қарай, қазіргі ережелерге сәйкес наразылық білдіруге (апелляцияға) рұқсат етілмейді. Оның орнына судьялардың шешімін қайта қарау процедурасы ұсынылады: егер жекпе-жек 3:2 немесе 2:3 есебімен аяқталса. Басқа жағдайларда шешімді қайта қарау деген жоқ» деп жазды Қазақстан бокс федерациясы.

51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Бибосынов соңғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұған дейін Олимпиаданың қола жүлдегері болды. Азия чемпионаттарында да күміс пен қола алған. Ал оның қарсыласы Дипак Кумар 2019 жылға Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары