$ 442.05  474.14  4.74

Атыраулықтар Африка халқына құдық қазып берді (ВИДЕО)

Құрылыс жұмыстары 4 сәуірде басталған болатын.

Атырау облысын Мақат ауданының жігіттері Камерун ауылына құдықтың құрылысын төлеп берді деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетейік, бұған дейін мақаттықтар Камерундағы жетім балаларға ауызашар жасап берген болатын. Одан бөлек, Рамазан айы аяқталмай жатып, арнайы есепшот ашты. Оған Африканы қолдауға ақша жинай бастаған. Есепшотқа 500 мың теңге түсті. Жиналған қаржы Африкадағы қуаң жерлердің бірінде құдық қазып беруге жетті.

Құрылыс жұмыстары 4 сәуірде басталған болатын. Ал 4 мамырда құдықты салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары