$ 476.89  505.27  4.95
Жаңалықтар 10.05.2023 сағат 10:40

Әлем чемпионаты: Ширек финалға жеті боксшымыз шықты

Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз барған болатын.
Әлем чемпионаты: Ширек финалға жеті боксшымыз шықты
Фото: ҚБФ

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жеті қазасқтандық спортшы ширек финалға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ширек финалға шыққан боксшылар: Махмұд Сабырхан (54 келі), Санжар Ташкенбай (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).

Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Барлық жеті боксшы да шаршы алаңға шығады. Қамшыбектің қарсыласы – өзбек боксшысы Баходир Джалолов. Барлық жекпе-жек Qazsport арнасынан көрсетіледі. Басталуы – 15:00.

Айта кетері, Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз барды. Алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі).

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар