$ 498.34  519.72  4.85

Үндістанда пойыз апатқа ұшырап, 39 адам қаза тапты

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, кемі 39 адам қаза тапты деп хабарлайды BBC News. Тағы ондаған адам жараланғандар қатарында.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, Кунеру станциясының маңында пойыздың 9 вагоны локомотивпен бірге рельстен шығып кеткен. Оқиға сенбі күні кешке орын алды. Вагондардың ішінде қамалып қалған жолаушылар тәуліктен астам уақыт сыртқа шыға алмай қалған.

Ұлттық теміржол компаниясының өкілі хабарлағандай, құтқарушылар түні бойы апаттан аман қалғандарды іздеп, қирандыларды аршумен айналысқан. Билік өкілдері қайтыс болғандар саны тағы да өсуі мүмкін екенін айтып отыр. Апат себебі әзірге белгісіз. Жараланғандар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары