$ 444.32  473.33  4.76

Әкімдер мен министрді бопсалады деп айыпталып жатқан журналист қамалмауы мүмкін

Бүгін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында «CentralAsiaMonitor» басылымының бас редакторы және «Radiotochka.kz» директоры Бигелді Ғабдуллинің ісі бойынша жарыссөз болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Прокурордың айтуынша, осы уақытқа дейін сотта қаралған материалдар бойынша Ғабдуллиннің кінәсі дәлелденді. Ол өзі де өз кінәсін мойындап отыр.

«Осыған байланысты бес жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын белгілеуді сұраймын. Осы уақыттың ішінде оған арнайы органның рұқсатынсыз тұрақты мекен-жайды өзгертуге, шетелге шығуға, басқа жерлерге баруға, сондай-ақ бұқаралық шараларға қатысуға болмайды. Қамауға ұстау шарасын өзгертіп, сот залынан босатуды сұраймын»,- деді прокурор Әлібек Айтжанов.

Сондай-ақ ол Ғабдуллинге тиесілі иүлікті қалдыруға болатынын жеткізді. Өз кезегінде Бигелді Ғабдуллин аталған жазаға қарсы болған жоқ. Сот өз шешімінің ертең, қаңтардың 24-і күні шығарады.

Айта кетейік, бұған дейін өткен отырыста Бигелді Ғабдуллиннің мүлкі жарияланған болатын. CentralAsiaMonitor-дың бас редакторы әрі Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллин Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен  тұтқынға алынған. Ол «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасына бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары