$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай тұрғыны екі әйел мен кішкентай қызды зорламақ болған

Қостанай облысы Первомайск ауылының тұрғыны екі әйел мен 14 жастағы қызды зорламақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы top-news.kz порталы хабарлап отыр.

Оқиға 21 қаңтар күні орын алған. Ер азамат жанынан өткен қыз-келіншектердің бәріне тиіскен көрінеді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жәбірленген үш қыз да кәмелет жасына толмаған. Алайда, Қостанай облыстық ІІД өкілдері бұл жоққа шығарды.

"Жәбірленгендердің тек біреуі ғана кәмелет жасына толмаған, кішкентай қыздың жасы небәрі 14-те. Қалған екеуінің бірі 1963 жылы, екіншісі 1983 жылы туған. Қазіргі таңда 28 жастағы күдікті ұсталды. Оған зорлауға оқталу және есірткі сақтау айыптары тағылуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Елена Кашарина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары