Ақтөбе облысының полицейлері отставкадағы подполковник Байжомарт Жиеналинге іздеу жариялады. 41 жастағы азамат із-түссіз жоғалып кеткен деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Ішкі істер органдарына экс-полицейдің туған-туыстары арызданып келген.
"Ақтөбе облыстық ІІД із-түссіз жоғалып кеткен Байжомарт Жиеналинге іздеу жариялайды. 20 қаңтар күні шамамен кешкі сағат 18:00-де ол үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Оның ерекше белгілері: бойы 180-185 см, арық денелі, қысқартылған қара шашты, қара көзді. Үстінде қара-көк түсті куртка, бұтында трико, аяғында қара түсті етік, басында қара кепка болған", - делінген ішкі істер органдары таратқан хабарламада.
Байжомарт Жиеналинді көрген-білгендер болса немесе оның қайда екені туралы ақпарат білетіндер полиция бөлімшесінің 102 байланыс номеріне, сондай-ақ, 8 776 546 66 66, 8 747 500 22 77, 8 747 332 35 37 номерлеріне хабарласуына болады.