«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.
«"Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетуді ұйғардым. Оқу туралы іске асырылмай қалған ойларым бар еді, соларды жалғастырсам деймін. Аз уақыт ішінде көп шаруа бастадық. Менiң кеткенiме қарамастан, жалғасы болады деп үмiттенемiн. Ең бастысы - жақсы адамдармен таныстым, кәсіби мамандар, керемет орта. Корпорацияның болашағы зор!», - делінген экс-төрағаның жазбасында.
Ол сондай-ақ, қысқа уақыт ішінде үлкен тәжірибе жинап үлгергенін де айтып отыр.
«Өзім үшін қазақ телевизиясының қара шаңырағында қызмет ету үлкен тәжірибе болды. Әрiптестерiме де, барлық жанашырларыма да көп рахмет!», - деді К.Ойшыбаев.
Айта кетейік, Кемелбек Ойшыбаев жылдың қазан айында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оған дейін ол ҚР Ақпарат және байланыс министрлігіне қарасты Орталық коммуникациялар қызметін басқарған.