$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттегі жерасты өткелінде мүгедек жан құлап қайтыс болды

Шымкентте арбаға таңылған мүгедек жан жерасты өткелінде құлап қайтыс болды деп жазады Informburo.kz. Қайғылы оқиға 24 қаңтар күні орын алған.

Марқұмды ұлы мен қызы алып жүрген екен. Жерасты жолына түсер кезде арба қызының қолынан шығып кетіп, төмен қарай құлап кеткен. Арбада отырған ер кісі басынан ауыр жарақат алып, сол жерде жан тапсырған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері өлімге араша түсе алған жоқ.

Арбамен бірге марқұмның қызы да құлағаны белгілі. Алайда, оның денсаулығына айтарлықтай зақым келмеген. Қазір тәртіп сақшылары болған жайттың мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары