$ 498.51  522.84  4.81

Атырау облысында жол апатынан 4 шетелдік мерт болды

Атырау облысында жол апатынан 4 шетелдік мерт болды. Оның бірі – мектеп жасына толмаған балақай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 мамырда болған.

Жол апаты сағат 02:20 шамасында Атырау облысының аумағында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133-ші шақырымында Toyota Ipsum мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Ipsum автокөлігі өртеніп кеткен. Оның жүргізушісі мен 3 жолаушысы мерт болды. Ал, 2 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау – адам өмірін сақтау. Жүргізушілерге өзінің және өзгенің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауды ұдайы ескертіп келеміз. Бүгін түнде төрт адамның өміріне қиылған жол апаты орын болды. Арасында 4-5 жас шамасындағы бүлдіршін бар. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көз жұмғандар Өзбекстан Республикасының азаматтары екені анықталды», -дейді патрульдік полиция ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

Оның айтуынша, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. Жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны үшін 8, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылған 2 хаттама бар.

«Мұндай құқық бұзушылықтар – жол қауіпсіздініне тікелей әсер ететін факторлар. Барлық жүргізушіге жолдағы жауапкершілікті естен шығармауын ескертемін», - деп мәлім етті Әділбек Шахметов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары