Куәгерлердің айтуынша, перрон үстіндегі темір жабынды қар салмағын көтере алмағандықтан опырылып құлаған.
Оқиға бүгін шамамен түскі 14:00-де орын алған. Темір конструктор «Астана-Лениногорск» бағытында қатынайтын №376 пойыздың үстіне құлаған. Зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Оқиға орын алғаннан кейінгі сәтті куәгерлер бейнекамераға түсіріп алған.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері вокзалдағы апатты жағдайға араласпағанын айтып отыр. Оқиғаның салдарымен күресу жөндеу жұмыстарын жүргізетін компанияның құзырында дейді комиеттегілер.