$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 800-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда 770 ата-ана кәмелетке толмаған балаларын түнгі уақытта қараусыз жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды bag.kz.

Ішкі істер органдарына кәмелет жасына толмаған 1 309 жеткіншек жеткізілді. Олардың ішінде 1 184 бала - әкімшілік құқықбұзушылыққа барғандығы анықталды.

— Шара қорытындысы бойынша балаларын қараусыз жіберген ата-аналар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 336-4 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды. Тексеру барысында базарларда, қоғамдық орындарда, ата анасының қарауынсыз жүрген 90 жасөспірімді бейімдеу орталығына жеткізіліп, 71 жасөспірім есепке алынды. Баласын қадағалауды ұмытқан 79 тұрмысы төмен отбасы тіркелді, — деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының жасөспірімдер ісі бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Айта кетсек, Алматы қаласының полициясы 28 шілде мен 3 тамыз аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу шарасын өткізген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары