24.05.2023, 12:40

Асаубаева Кипрдегі Гран-при кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Фото: Instagram/bibisarachess
Ол әлемдегі ең атақты шахматшылардың бірі, 12-әлем чемпионы ресейлік Александра Костенюкті ұтты.

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Никосия қаласында (Кипр) өтіп жатқан әйелдер арасындағы Гран-придің төртінші кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетінші айналымда 19 жастағы қазақстандық қыз қара фигуралар арқылы әлемдегі ең атақты шахматшылардың бірі, 12-әлем чемпионы ресейлік Александра Костенюкті ұтты.

Осылайша бұл жеңіс Бибісара үшін екі жеңіліс пен төрт тең ойыннан кейінгі ағымдағы турнирдегі алғашқы жеңісі болды. Қазір Ассаубаева үш ұпай жинап, 12 қатысушы арасында сегізінші сатыда тұр.

Турнирде 5 ұпаймен неміс шахматшысы Динара Вагнер көш бастап тұр.

24 мамырда 8-турдың матчтары өтеді, онда Бибісара Асаубаева бірінші тақтада өнер көрсетеді. Ол ақ фигуралармен Грузия өкілі Бела Хотенашвилимен кездеседі.

Никосиядағы Гран-придің төртінші кезеңі 27 мамырда аяқталады.