$ 444.22  476.38  4.82

Жолдарды тексеруге шыққан Б.Сапарбаевтың көлігі қарға тығылып қалды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі шалғай ауылдарға барып, жолдардың жағдайын тексеріп қайтты.

Облыс әкімі бас сұққан ауылдарға жергілікті шенеуніктер, атап айтқанда басқарма басшылары қыс түгілі жазда да келмеуге тырысады екен. Өйткені, күн жылыда шұрық тесік болып тозып жататын жолдар қыста қарға көміліп, қозғалысты мүлдем шектеп тастайды.

Бердібек Сапарбаев қар тазалаушы компаниялардың жұмысын тексеру мақсатында өз көлігіне отырып, осынау елдімекендерді аралауға кірісіп кетті. Атап айтқанда, соңғы бірнеше күнде өңір басшысы Мұғалжар ауданындағы Эмба қаласында, Мәртөк ауданына қарасты Хазірет ауылында және Хромтау ауданына қарасты Тассай ауылында болып қайтты.

Әкімнің осы Тассай ауылына жасаған соңғы сапары қиындыққа толы болды. Әдетте 1 сағатта жүріп өтетін жолды Сапарбаев мінген жол талғамайтын көлік үш сағатта әзер бағындырды. Салдарынан 15:00-ге жоспарланған ауыл әкімінің есеп беру жиыны бірнеше сағатқа кеш басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары