$ 448.15  483.46  4.86

ШҚО-да тұмауға байланысты 2 мектеп жабылды

Шығыс Қазақстан облысында тұмау жұқтырғандардың саны күрт артып келеді. Осы себепті, санитарлық дәрігерлер Шемонаиханың екі мектебінде карантин жариялау шешімін қабылдады деп хабарлады YK-news.kz.

ШҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, қаңтар айының үшінші аптасында дәрігерлер 5629 науқасқа ЖРВИ (жұқпалы респираторлы вирусты инфекция) диагнозын қойды. Оның алдыңғы аптада сырқаттанғандар саны бұдан да көп болған. Өткен жылы желтоқсанның соңғы онкүндігінде 4415 адам ауырды.

ЖРВИ жұқтырғандар саны әсіресе, Шемонаихада көп. Ондағы екі мектепті уақытша жабуға тура келген.

«Облыс бойынша екі мектепке ғана карантин енгізілді», - деп хабарлады ШҚО білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Медет Әлімғазин. - Мектеп оқушыларының отыз пайыздан астамы науқастанған жағдайда, мұндай шаралар міндетті. Шемонаихадағы екі мектеп қаңтар айының соңына дейін уақытша жабылады».

ШҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті өңірдегі өзге мектептерде карантин жариялау жоспарланбағанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары