Қытайдың Нинбо қаласында ер адам жыртқыш аңның құрбаны болды деп жазады The Straits Times. Зообаққа отбасымен бірге барған оны Амур жолбарыстары әйелі мен кішкентай қызының көзінше талап тастаған.
Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, ер адам жолбарыстар қамалған қоршауға тым жақын өтіп кеткен екен. Жыртқыш аң оны сүйреп қоршаудың ішіне алып кірген. Мұнан кейін марқұмды үш жолбарыс жабылып талады.
Жантүршігерлік осынау оқиға ер адамның әйелі мен кішкентай қызының көзінше орын алған. Оларға қазір психологтар көмектесіп жатыр. Ал, адамды талап өлтірген жыртқыш аңды полицейлер атып тастады.