$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстанда еңбек адамының бейнесін дәріптеу: нәтиже қандай?

Кешенді жоспарда адам өміріндегі еңбектің рөлі ерекше екендігі айтылады.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

2022 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстанда қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданғаны туралы қаулы шықты. Бұл жөнінде Президенттің 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты халыққа Жолдауында айтылған еді. Онда еңбек адамының имиджін дәріптеудің өзектілігі, сондай-ақ қазақстандықтардың өміріндегі еңбектің маңыздылығына назар аударылған. Содан бері не өзгерді? Еңбек құндылығын ілгерілетудің кешенді жоспары туралы Skifnews.kz шолуына назар салыңыз.

Еңбек адамы – бұл  жұмысшы кәсібімен айналысатын адам, олар - станокшылар, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, күтушілер және т.б. Кешенді жоспарда адам өміріндегі еңбектің рөлі ерекше екендігі айтылады. Адамның қажеттіліктерін өтеу материалдық және рухани құндылықтарға ден қою арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге адамның дамуы, оның қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктері тағы бар. Сондай-ақ, қазіргі қазақстандық қоғамда «еңбек адамның бостандығына кепілдік береді», деген тезисті дамыту аса маңызды. Еңбек пен бостандықтың өзара байланысы органикалық сипатқа ие, ал турасында еңбек тек шығармашылық еңбекке барынша мүмкіндік берілген қоғамда ғана еркін бола алады.

Бұл бағыттағы жұмыстар сонау 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға жүгініп, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар мен жұмыс істегісі келмейтіндер, мемлекеттің көмегіне сенетіндер, жәрдемақыларға өмір сүретіндер арасында «іріктеу» жүргізу қажеттігін атап өткеннен кейін басталды. Еңбек министрлігі мемлекеттің барлық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етіп беруін күтуге емес, мемлекет нақты шектеулі кезеңдерде халықтың белгілі бір санатын әлеуметтік қолдауға қатысқан кезде азаматтың жеке жауапкершілігіне негізделген әлеуметтік қорғаудың жаңа моделін қалыптастырудың өзектілігі артып келе жатқанын мәлімдеді. Ал бұл жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін қазақстандықтардың ойындағы еңбек культін әзірлеу қажет.

Кешенді жоспар аясындағы өзекті міндеттердің қатарында-жұмысшы мамандықтарды дәріптеу, оларға жоғары құндылық беру мәселесі тұр. Бірер жылдан бері жұмысшы мамандықтарының өзектілігін арттыру туралы жаңалықтар пайда бола бастағанын байқауға болады. Мысалы, 2023 жылғы сәуірде электрондық еңбек биржасында 2022 жылғы наурызға қарағанда 17% - ға көп бос жұмыс орыны және 16,4% - ға көп түйіндеме орналастырылған. Ал өсім еңбекқор қазақстандықтар көптеп жұмылдырылған ауыл шаруашылығы саласында көрінген, бұл статистика халық арасында жұмысшы кәсібі танымалдылығының өскенін айқын көрсетеді. Сонымен қатар, сұранысқа ие кәсіптердің басым көпшілігі мына санаттарға жатады: жұмыс берушілер көбіне көлік жүргізушілерін, күзетшілерді, тәрбиешілерді, жол жұмысшыларын, абаттандыру жұмысшыларын іздейді.

Өткен жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал ету және оларды адал әрі жоғары өнімді еңбекке ынталандыру мақсатында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізді. Байқау өңірлік және республикалық деңгейде үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған. Байқау жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталды. «Үздік еңбек әулеті» санатына 163 өтінім, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгеріне» - 179 өтінім, «Өндірістің үздік жас қызметкеріне» -180 өтінім берілген. Бас-аяғы 522 өтінім жолданған. Конкурстың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша жоғарыда аталған номинациялардың әрқайсысында 17 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан жеңімпаздар анықталды.

Сонымен қатар, қазақстандықтарға жұмыс табуды жеңілдетуге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Мысалы, егер enbek.kz электрондық биржа сайтында ұлттық жобалардың бірыңғай платформасы шеңберінде жұмыс іздеу бөліміне өтуге, ұлттық бағдарламалардың өзекті тізімімен танысуға және тікелей сайт арқылы қажетті мамандық бойынша түйіндеме жіберуге болады. Қазір түрлі жобалар арасында, мысалы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жоба, «Жасыл Қазақстан», «Ұлттық рухани жаңғыру» жобалары және т.б. бар.  Дегенмен, еңбек өнімділігін арттыру, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары ақы төленетін зияткерлік еңбекпен айналысатын қазақстандықтардың санын көбейтуге ұмтылу қашанда маңызды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары