«TV+ Kazakhtelecom» қызметі App Store және Play Market алаңдары ұсынған тегін қосымшалардың ішінде ең көп жүктелген сервиске айналды. Бір аптадан аз уақыт ішінде оны 156 мыңнан астам қолданушы жүктеп, рейтингтің ұшар басына шықты. Сонымен қатар осы алаңда тұсауы бір апта бұрын кесілген Salem social media-ның туындысы «Черный двор» телехикаясы да қаралым жағынан алға шығып, рекордты жаңалауда. 7 күннің ішінде қылмыстық драманы 65 мыңнан астам бірегей көрермен тамашалаған.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында «Қазақтелеком» қазақстандық Salem social media компаниясымен TV+ платформасында эксклюзивті қазақстандық контентті қалыптастыру үшін ынтымақтастық туралы шарт жасасқан болатын. Ал осы жұмысты бастау үшін Қырғыз елінің 1.1 STUDIO продакшнымен бірлесіп түсірілген «Черный двор» криминалдық драма жанрындағы трагедиялы киносериал таңдалды. Сериалдың сюжеттік желісі өмірде болған оқиғаларға негізделген және Бішкектің кедей және қауіпті аймағында тұратын 5 дос туралы өрбиді. Олар өмірдегі өз орындарын тездетіп тауып, қамсыз өмір сүруді армандайды, бірақ бір ғана қате шешім олардың өмірін мәңгілікке өзгертіп қиындатады.
«Черный двор» телехикаясының тұсаукесері 25 мамырда TV+ арнасында өтті, және алғашқы күні фильмнің 5-сериясы жарық көрді. Кино туындының қалған 5 сериясын көрермендер бүгін, яғни 1 маусымда TV+ платформасында тамашалай алады. Кинокартина платформа пайдаланушыларының үлкен қызығушылығын тудырды: бір аптадан аз уақыт ішінде жаңа пайдаланушылар саны 66 мыңға өсті, ал 791 мың пайдаланушы TV+ қосымшасындағы осы сериалға өткен, бұл көрсеткіш жобаны бейне мазмұн қаралымы бойынша бірінші орынға шығарды. Жалпы, бүгінгі таңда фильмнің алғашқы 5 сериясын 66 мыңнан астам қолданушы көріп үлгерген, және олардың қатары сәт сайын көбейіп отыр. Олардың көпшілігі «Қазақтелеком» қызметіне де, сериал авторлары мен актерлеріне де оң пікір қалдырған.
«TV+платформасын пайдаланушыларына арнап жасалған осындай мүмкіндіктер үшін «Қазақтелекомға» үлкен алғыс. Жаңа серияның шығуын бірнеше апта күтудің қажеті жоқ. Фильм авторларына құрмет, өте қызықты сюжет, жоғары деңгейдегі актерлер ойыны", - деп атап өтті TV+платформасын пайдаланушылардың бірі.
Айта кетейік, жақын арада TV+ платформасын пайдаланушылар үшін «МСБ», «Qarga» және «Шеше» сияқты эксклюзивті фильмдер қолжетімді болады.
«Біз платформамызды қазақстандық өніммен байытуға ерекше назар аударамыз және көрермендер тарапынан аса қызығушылықты байқап отырмыз – тек соңғы аптада TV+ мобильді қосымшасына деген қызығушылық бірнеше есе өсті. Мұндай жетістікке жетудің бір сыры отандық киноиндустрия өкілдерімен бірлескен жобалардың арқасы деп білеміз. Отандық кинотуындылар TV+ сервисінің пайдаланушылары үшін «KZ-де жасалған» онлайн-кинотеатрында қолжетімді. Бұл айдар платформа іске қосылған алғашқы сәттен бастап жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар былтыр қосымшамызда еліміздегі алғашқы qazaqsha онлайн-кинотеатры пайда болды, оның мазмұны тек мемлекеттік тілде ұсынылады", - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің ірі телеком-операторының телевизиялық платформасының қызметтерін барлық қазақстандық провайдерлердің абоненттері пайдалана алады. TV+ қызметіне қосылу үшін интернетке кіру жеткілікті. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» қазіргі уақытта жаңа пайдаланушылар үшін тиімді акцияны іске қосты: 150 телеарна мен үш онлайн-кинотеатры бар пакетке жазылудың алғашқы айы небәрі 10 теңге тұрады. Танымал TV + бейне қызметіндегі барлық жаңалықтардан хабардар болу үшін @telecom.tvplus Instagram аккаунтының ресми парақшасына жазылуыңызға болады.