1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні. Алайда, балаларды неден және кімнен қоғау керек екен? Қазақстанда осы сұрақтың өзектілігі жоғары, өйткені мемлекетімізде ең маңызды адами құндылықтардың бірі отбасы болып табылады. Қазақстандық қоғам балаларға деген айрықша қамқорлық сезімін сақтап жүреді. Адамдар кішкентай бүлдіршіндерді еркелетіп, олардың тентектігіне де мейіріммен қарайды. Мұндай жағдайда, балалар алдында қандай қауіптер пайда болу мүмкін?
Дегенмен, Ұлттық статистика Бюросының деректеріне сүйенсек, 2022 — 2023 жылдардың аралығында кәмелетке толмаған балаларға қарсы қылмыстардың саны 32%-ға өсіп, сексуалдық зорлық жағдайларының жиілігі 2 есе арттырылған. Бұл қауіпсіз әрі бақытты балалық шақты кепілдендіре алатын көрсеткіштер емес.
Осы орайда, Жаңа Адамдар зорлыққа ұшыраған жандармен сұхбаттасуға шешім қабылдады. Бейнебаян кейіпкерлерінің үшеуі де өз жеке тәжірибесімен бөлісуге келісті. Олар зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесу жолдарын, және балалардың мұндай жағдайға тап болу қаупін күшейтетін алғышарттарды талқылаған болатын. Бейнебаян кейіпкерлерінің байқауынша, онсыз да қиын жағдай, құрбандардың қоғамдық айыптаудың негізгі субъектіне айналу қорқынышымен күрделіленеді. Қазақстанда зорлық-зомбылық мәселесінің ашық талқылануына бейресми тыйым салынған. Сондай-ақ, тіпті ересек адамдар өздерінің мұндай қиыншылықтарға ұшырағанын көпшілікке айтудан жалтарады, өйткені бұл “ұят”. Енді зорланған балалар өз қорқыныштарына қаншалықты батып кететінін елестете аласыз ба?
Қазақстандық қоғам зорлық-зомбылыққа деген көзқарасты өзгермегенше, балаларды жоғары қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге мүмкін емес. Ең алдымен, “қызғылт көзілдірікті” шешіп, осы мәселені қысылмай, құрбандарды айыптамай, ашық талқылағанымыз жөн.
Біздің сұхбатымыз зорлық құрбандарына өздерінің осы әлемде жалғыз болмағанын сезуге көмектеседі, ал ата-аналар мен қоғамға ашық пен қиын шешімдерге дайын болуды үйретеді. Ашықтық пен адалдық — мәселелерді қабылдаудың бірінші қадамы болып, дұрыс шешімдерді табуға мүмкіндік беретін басты қасиеттер.
Дәулет, зорлық-зомбылық құрбаны: “Мен не отбасымның, не де қоғамның тиімді көмегін көрген жоқпын. Психологтар мен заңгерлердің ыждағаты да іске жарамай қалған, себебі қоғамның ойлауы өзгермесе, таптаурынға айналған “ұят” ұғымы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін жоққа шығаруға жалғастырады.
Елдана Каденова, Жаңа Адамдар: «Мен аналар мен әкелерге, әжелер мен аталарға, мұғалімдерге, дәрігерлер, полиция мен бүкіл ересектерге қайтадан сөз жолдағым келеді! Біздің балаларымызды өзімізден басқа кім қорғай алады? Біз мәселенің бар болғанын мойындамауды қойып, күштерімізді біріктіріп, күресуге міндеттіміз. Біз балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кез-келген мүмкіндіктерді пайдалану керекпіз. Осындай белсенділік балалардың ересектерге деген сенімділігін күшейтеді. Біз әрқашан балаларға қолдау көрсетіп, көмектесіп, олардың құқықтарын барлық батылдықпен қорғауға дайынбыз».