Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Антикордың жазуына қарағанда, рота командирі азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара бермек болды деп күдікке ілінген.
«Ж» прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған.
«8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп жазды ведомстводан.