10.06.2023, 18:30

Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті

Фото: tengrinews.kz
Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды.

Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымда болған.

"102" арнасына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабаттан бала құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Сараптама тағайындалды", - деді ПД өкілдері.