12.06.2023, 01:30

Семейдегі орман өрті: Ауыл тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Фото: ТЖД
Озерского ауылының кіре берісіне бекеттер қойылды.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалың түтін Семей қаласының Бұлақ ауылының тұрғындарын эвакуациялауға негіз болды.

Тұрғындар эвакуацияланып, азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген эвакуациялық пункттерге орналастырылды», - деп жазды жергілікті әкімдіктен.

Сонымен қатар Озерского ауылының тұрғындары Семей қаласына эвакуцияланды.

«Орман алқабына жақын орналасқан Озерского ауылдық округі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды Семей қаласына эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Ауыл тұрғындары алдын ала ұйымдастырылған эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Ыстық тамақ және бірінші кезекте қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Ауылдағы үйлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарын полиция қызметкерлері күзетеді», - делінген шұғыл хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, Озерского ауылының кіре берісіне бекеттер қойылды.