$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола тұрғыны өз көлігінен күйеуі мен оның көңілдесінің мәйіттерін тауып алды

Оқиға Ақмола облысындағы аудан орталықтарының бірінде орын алған. 35 жастағы әйел күйеуін жоғалтып, оны бірнеше күн бойы іздеген. Айтуынша, жолдасы мүлдем хабарсыз кетіп, ұялы телефонын сөндіріп тастапты.

Ал, жақында ол үйдің гаражында тұрған отбасылық көлігін тексеріп көрмек болғанда оның салонынан бірнеше күн жатып қалған күйеуі мен бөтен әйелдің мәйітін тауып алыпты. Полицейлер қайтыс болған әйелдің кім екенін көп созбай анықтады. Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын екен. Көңілдестер көлікті оталдырып, өшіруді ұмытып кеткен. Салдарынан салонға улы газ кіріп, екеуі де сеспей қатыпты.

Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмай отыр. Дәрігерлер әйел мен ер азаматтың газдан уланып қайтыс болғанын растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары