«Біз бәріміз тұрақты әлемді қалаймыз және ғылымсыз мұны істеу мүмкін емес. Ол үшін біз бірігіп, бірге дамуымыз керек. Бұрынғы мүмкіндіктер мен ынтымақтастыққа сүйене отырып, біз келесі қадамды жасауымыз керек. Мұндай «бастапқы нүкте» біздің елдеріміздің ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелері болуы мүмкін», - деді профессор Роммель Волрад.
Ол сондай-ақ қазақстандық және неміс ғалымдары бірлескен зерттеу топтары мен орталықтарын ұйымдастыруға, бірлескен жобаларды іске асыруға, ғылымды дамыту үшін инновациялық платформалар ашуға дайын екенін атап өтті.
Сындарлы диалог барысында форумға қатысушылар ғылым, жоғары білім, энергетика, экология, инженерия және жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қатысушылардың пікірінше, алдағы онжылдық біздің елдеріміздің экономикалық және ғылыми әлеуетін дамытудың ұзақ мерзімді кезеңі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің мемлекеттік сапары аясында Қазақстандық және неміс университеттері ректорларының форумы өтті. Форумға қатысу үшін Германияның ірі техникалық университеттері мен ғылыми орталықтары өкілдерінің үлкен делегациясы келді.